Coreldraw

Мақсаты: Coreldraw редакторымен танысу.

Дәріс сұрақтары:

1. Coreldraw редакторының қолданушы интерфейсі

2. Қалып-күй жолын баптау

 

1. CorelDraw бағдарламасының жұмыс терезесі басқа графикалық редакторлардың терезесінен қатты ерекшеленбейді. CorelDraw бағдарламасын іске қосыңыз. Векторлық графика CorelDraw редакторының жұмыс терезесінің негізгі элементтерімен танысалық.

Windows стандартына сәйкес тақырып жолының астында меню жолы орналасады. Оның астында стандартты құрал-саймандар панелі (toolbar), одан кейін (Property bar) атрибуттар панелі орналасады. Терезенің сол жағында саймандар панелі (tollbox), оң жағында түстер палитрасы (Color palette), төменгі жағында қалып-күй жолы (Status Bar) орналасқан ( жоғары жағында орналасуы да мүмкін).

 

Сызғыштар

 

Жұмыс

аймағы

 

Меню жолы

 

Түстер палитрасы

 

Стандартты құрал-саймандар панелі

 

Саймандар панелі

 
                                      

Тақырып жолы

 
               

Қалып-күй жолы

 
 

 

 


Сурет 1. CorelDraw бағдарламасының жұмыс терезесі

 

2. Экранда қалып-күй жолын төмендегі әдістің біреуімен баптауға болады:

1.       Тышқанның көмегімен;

2.      Қалып-күй жолында тышқанның он жақ батырмасын шертіп, Customize > Status Bar > Position > Top (Bottom) командасы көмегімен.

Қалып-күй жолының енін өзгерту үшін Customize > Status Bar > Size > One line (Two lines) командасының керектісін орындау қажет. One line – ені бір жол, ал Two lines ені екі жол.

3.    Options cұхбат терезесінде Workspase > Customization > Command Bar бетінде Status Bar Property параметрлер тобында керекті түрін таңдау керек.

Қалып-күй жолын алып тастау үшін: келесі әрекеттердің біреуін орындау керек (керісінше қалып-күй жолын экранға шығару үшін).

1.      Жұмыс аймағының контекстік менюінің View > Status Bar жолының қасына туды орнату немесе алып тастау.

2.      Options cұхбат терезесінде Workspase > Customization > Command Bars бетінде сәйкес туды алып тастау.

Қалып-күй жолының элементтерін көрсету/жою үшін Workspase > Customization > Commands бетінің жоғарғы бөліктегі тізімінен Status Bar жолын таңдаймыз. Қалып-күй жолына жаңа өріс қосу үшін оны сұхбат терезесінен Қалып-күй жолына алып қоямыз. Қалып-күй жолынан өрісті жою үшін оны сұхбат терезесіне кері апарып қоямыз немесе қалып-күй жолының контекстік менюынан Customize > Status Item > Delete командасын орындаймыз.

Қалып-күй жолында көрсетілетін ақпараттар:

1.      Mouse Positionтышқан көрсеткішінің ағымдағы координаталары.

2.     Info lineқолданушы орындаған әрекеттерге сәйкес орындауға мүмкін болатын түрлендірулер туралы түсініктеме.

3.     Object Detalesерекшеленген объект туралы толық ақпарат.

4.     Object Information ерекшеленген объект туралы жалпы ақпарат.

5.     Timeағымдағы уақыт.

6.     Dateағымдағы мерзім және аптаның күні.

7.     Outline – объект контурының түрі, түсі және қалыңдығы.

8.     Fillқұюдың түрі.

9.     CAPS, NUM және SCRООLиндикаторларын өшіру немесе қосу.

10.Memory Allocatedқосымша қолданылған жадтың көлемі.

11.  Swap Remaining CorelDraw қажет болып қалатын жадтың көлемі.

12. SnapStatusағымдағы байланыс түрінің атауы.

Сызғыштар

Өлшегіш сызғыштар – суреттің элементтерін дәл позициялайды және олардың өлшемін өлшейді.

Сызғыштарды көрсету және алып тастау үшін View > Rules командасын немесе жұмыс аймағының контекстік менюнан View > Rules командасын орындау керек.Үнсіз келісім бойынша координатаның басы CorelDraw терезесінің төменгі сол жақ бұрышында болады. Координаттар басының орнын өзгерту үшін сызықтардың қиылысуында орналасқан батырманы шертіп, тышқанның сол жақ батырмасын жібермей керекті жерге апару керек. Сызықтардың орнын өзгерту үшін Shift пернесімен қоса сызғыштарды жаңа орынға орналастыру керек.

Үнсіз келісім бойынша өлшеу дюймде жүргізіледі. Өлшеу бірлігін өзгерту үшін Esc пернесін шертіп, қасиеттер панеліндегі Drawing Units тізімінде керекті өлшем бірлігін таңдау керек.

CorelDraw –тың менюін баптау

Менюді баптау Options cұхбат терезесінде жүргізіледі. Options cұхбат терезесін экранға шығару үшін келесі әрекеттердің біреуін орындау керек:

·                Tools > Options командасын;

·                Ctrl + I пернелер комбинациясын шерту;

·                Property Bar панеліндегі Options батырмасын шерту.

Dockerтерезелері.

Docker терезелері жұмыс істеу кезінде объектінің параметрлерін динамикалық өзгертуге арналған. Сұхбат терезелеріне қарағанда Docker терезелері модельді емес, яғни олар ашық тұрып қолданушыға кез келген әрекеттерді орындауға мүмкіндік береді. Docker терезені экранға шығару үшін келесі әрекеттердің біреуін орындау керек.

1.Window > Docker;

2.     Тағайындалған сәйкес перненің көмегімен;

3.     Жиі қолданылатын Docker терезесі меню командасымен шығарылады. Docker терезелері экранның соңғы рет орналасқан орнында тұрады.

Жиі қолданылатын терезелер: Transformation, Scrapbook

 

Әдебиеті:

1 Компьютерная графика. С.В. Глушаков, Г. А. Кнабе. Харьков «Фолио»

   Москва «АСТ», 2001.

2 Эффективная работа с Corel Draw 11. Александр Тайц.  Санкт-Петербург *

   Москва * Харьков * Минск, 2001.  

 

Бақылау сұрақтары:

1 CorelDraw графиктік редакторын жүктеу түрлері.

2 CorelDraw терезесі.

3 CorelDraw менюын баптау.